Арыста тағы бір ауылға табиғи газ берілді

Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекені үшін – тарихи күн. Шалғай ауылдың тұрғындары көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Ауыл жұртшылығының қуанышын бөлісуге қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы барып, тұрғындарды осы айтулы сәтпен құттықтады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Әкім өз сөзінде «Тәуелсіздіктің ең үлкен игілігі – елдімекендердің дамуы мен халық тұрмысының жақсаруы. Көкжиде тұрғындары үшін бүгінгі күн ерекше есте қалары сөзсіз. Ауылдың ынтымағы артып, әр шаңырақтың оты маздай берсін», – деді.

Салтанатты шарада алғашқы алау жағылып, ауылда алғашқылардың бірі болып газға қосылған Талғат Райбековтің шаңырағына қала басшысы арнайы кіріп, жылы лебізін білдірді. Тұрғындар болса, газдың келуі тұрмысқа үлкен жеңілдік әкелетінін айтып, ризашылықтарын жеткізді.

«Қыста көмір тасып, күл шығарып әуреге түспейміз. Газ – халықтың көптен күткен арманы еді», – деді ауыл ақсақалдары.

Айта кетейік, бүгінде Көкжиде елді мекенінде 153-тен астам абонент бар, яғни мыңнан аса халық табиғи газдың игілігін көруге мүмкіндік алды.

Бұған дейін, мамыр айында Байырқұм ауылы табиғи газға қосылған болатын. Ендігі кезекте Жиделі мен Аққала ауылдарына да көгілдір отын жеткізу жоспарлануда. Ал жыл соңына дейін Арыс қаласының орталығы толықтай газға қосылады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында Сауран аудандық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті ер адамды ұстады

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі Келес ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Сауранда «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Пікір жазу