АРЫСТЫ АББАТТАНДЫРУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қаладағы бірнеше тұрғын ауданға барып, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, абаттандыру мәселелерін талқылау кезінде айтты, деп хабарлайды Arysinfo тілшісі.

Ең алдымен әкім Әбдіразақов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Тұрғын аудандағы жұрт балалар ойын алаңдарын жаңарту, жарықтандыруды күшейту, бейнебақылау камераларын көбейту және аула аумағын көгалдандыру туралы өз ойларын білдірді. Қала басшысы бұл мәселе назарда екендігін, бұл бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.

Әрі қарай қала басшысы Әйтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйге де барды. Бұл аумақта биыл көше тренажерлерін орнату жоспарланған. Тұрғындар өз кезегінде қоқыс жәшіктерінің санын арттыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді.

Бұдан соң, қала басшысы Стадион тұрғын ауданында болды. Мұнда белсенді азаматтармен кездесіп, ауданның дамуы жөнінде пікір алмасты. Жергілікті тұрғындар жолдарды кеңейту, аяқжолдар салу, қуыс көшелерге асфальт төсеу сынды өзекті мәселелерді көтерді.

Қала әкімі тұрғындар көтерген барлық ұсыныстар назарға алынатынын, абаттандыру және инфрақұрылымдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жоспарланғанын айтты. Тұрғындармен тікелей кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдау – қала әкімдігінің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда картоп бағасын тұрақтандыру үшін жаңа әдіс ұсынылды

berdaly_oraz

Ұлытау облысындағы кеніш апаты: жеті кенші қаза тауып, тергеу басталды

berdaly_oraz

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

Пікір жазу