Ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мереке қарсаңында қалалық Ардагерлер үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған мерекелік дастархан жайылып, думанды кеш өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Тағдырдың сынына мойымай, асқақ арманға қанат қаққан қаршадай балаларға арналған шарада қала басшысы Қайсар Маңқараев бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап,  ақ тілегін арнады.

Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Ерекше күтімдегі балалар ән айтып, би билеп өнерлерімен келушілерді тамсандырды.

Шара барысында, қаламыздың жаны жомарт кәсіпкерлері ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, тәттілар мен балмұздақ таратып оларды шексіз қуанышқа бөледі. Іс-шараның соңында ата-аналар игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Бала — бауыр етіміз. Болашағымыз. Өміріміздің жалғасы. Балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік. Мереке құтты болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында сенбілік өтті: Таза ортаны бірге қалыптастырамыз

berdaly_oraz

Арыстың әкімі Наурыз ықшам ауданындағы мәселелерді талқылады

berdaly_oraz

Түркістан облысында этномедиацияны дамытуға арналған семинар басталды

Пікір жазу