Өңір жаңалығы: Жетісайда мақта, сүт кластеріне қатысты жобалар жүзеге асырылмақ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісайлық бір топ кәсіпкер мен инвестормен кездесіп, осы саладағы мәселелерді талқылады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Облыс әкіміне Жетісайда жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды. Өңір басшысы өндірісті дамытамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

“Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру жөнінде тапсырма берді. Аймақтың өндірістік әлеуетін көтеру бағытында инвесторларға қолдау көрсетіледі. Инфрақұрылым, жерге қатысты мәселелерді аудан, қала әкімдіктері мен жауапты басқармалар уақтылы шешуі тиіс”, – деді Нұралхан Көшеров.

Кәсіпкерлер ұсыныстары мен пікірлерін айтып, жоспарларын баяндады. Аудан әкімі Серік Мамытовқа осы жобаларды сүйемелдеу жөнінде тапсырма берді.

Жетісай ауданында мақта кластерін дамыту мақсатында Асықата кентіндегі индустриалды аймақта мақта кластеріне қатысты жоба жоспарлануда. «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС жалпы құны 10 млрд. теңгені құрайтын жоба арқылы мақта зауытын, жіп иіру фабрикасын ашуды көздеп отыр.  Жоба толық іске қосылған жағдайда 520 адам жұмыспен қамтылып, жылына 40 000 тонна мақта өңделіп, 5000 тонна жіп өндірілмек. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау аясында жоба бірынғай индустрияландыру картасына енгізілген. Құрылысты бастау үшін ЖСҚ әзірленуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: 109 өкіл Астанада тәжірибе алмасты

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы «IQanat» Олимпиадасына қатыспақ

Пікір жазу