Шымкентте сот 445 миллион теңге көлеміндегі медиациялық келісімді бекітті

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «V.» ЖШС-і жауапкер «О.» ЖШС-не арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Талап қоюшы өзінің талабында, 2023 жылдың желтоқсан айында жауапкермен келісім — шарт жасалып, ол жерде тауар сапасын жақсарту мақсатында арнайы құрамдармен өңдеу және гальванизациялау қызметтерін көрсетуге өзіне міндеттеме алғанын және шарт бойынша өз тарапынан 445 миллион теңге төлем жасалғанын айтқан. Алайда, осы уақытқа дейін жауапкер өз міндеметтелерін орындамағанын көрсеткен.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізді.

Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер 445 миллион теңге қарызды мойындап, оны 2025 жылдың 1 жарты жылдығы ішінде дейін өтеуге міндеттенді. Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiлді.

Талап қоюшыға 13 миллион теңге төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық имам Әбдужаппар Смановтың әрекеті сынға ұшырап, ҚМДБ ескерту жасады

berdaly_oraz

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар үшін 967 нысан бейімделді

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта «AL-FARABI»интеллектуалды ойыны өтті

Пікір жазу