Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

Жамбыл облысында 22 жастағы полиция қызметкері өзіне қол жұмсады. Марқұмның денесі Тараз қаласынан бес шақырым жердегі Жасөркен кентінде табылды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайтыс болған жігіт 2003 жылы туған, кіші сержант шенінде арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасында жұмыс істеген. Алдын ала деректер бойынша, ол өз қаруымен басына оқ атқан.

Оқиға орнына облыстық полиция басшылығы, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасы және тергеу тобының өкілдері барды. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі анықталуда.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында барлық қажетті шаралар жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

berdaly_oraz

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

«Виза да,ақша да жоқ»Астаналық жігіт АҚШ-қа виза аламын деп алаяққа алданып қалды

berdaly_oraz

Пікір жазу