ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Меритократия қағидасына сәйкес, Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Бектұрғанов Әділ Ержанұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
– Облыс әкімінің Өңірлік кадрлық резервінің өкілі, Заң бөлімінің басшысы қызметін атқарған Әділ Ержанұлы жаңа қызметке тағайындалып отыр. Бұл тағайындау – облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының іскер жастарға деген қолдауы мен сенімі және меритократия қағидасын орындау. Жаңа орынбасарға жетекшілік ететін салалар бойынша түйінді мәселелерді анықтап, бөлімдермен бірлесе шешу жолдары жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Еркебұлан Дауылбаев.
Әділ Бектұрғанов 1991 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандықтары – құқық қорғау қызметі, экономика.
2014-2018 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімі аппаратының, ОҚО әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы болып жұмыс атқарған. 2019 жылдан бері Түркістан облысы әкімі аппараты Заң бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

berdaly_oraz

Түркістанда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр

Ресей мен АҚШ Украинадағы 30 күндік уақытша бітімге қатысты келіссөздер өткізді

berdaly_oraz

Пікір жазу