Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды

Түркістан облысында Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығының қылмысын ашты, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Белгілі болғандай, 19 жастағы жас жігіт ауылдасының үйінен ұрлық жасаған.

Ол күндізгі уақытта үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, есікті сындыру арқылы ішке кірген. Содан жатын бөлмеден құны миллион теңгеге жуық бірнеше алтын бұйымдарын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген. Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz

Түркістанда тоңазытқыш шығаратын зауыт ашылды

Арыс қаласында тұрғындарға ауыз су тарату уақытша тоқтаылды

berdaly_oraz

Пікір жазу