Түркістанда ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Үкілі домбыра» байқауы басталды

Түркістандағы «Достық үйі» ғимаратында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында Ұлттық домбыра күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Үкілі домбыра» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«Үкілі домбыра» байқауының басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» жобасын іске асыру және талантты домбырашыларды анықтау және оларға құрмет көрсету, облысымыздың мәдени имиджін көтеруге атсалысу, этнос өкілдеріне ұлттық өнерді насихаттау.

«Дәстүрлі ән орындау», «Күй орындау», «Терме орындау» сынды үш номинацияда өтіп жатқан өңірлік байқауға қала, аудандардан келген өнерпаздар қатысып, бақтарын сынауда.

Байқаудың ашылу салтанатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов барша қатысушыларды құттықтады.

Байқау қорытындысында өнерпаздар мен жетекшілері Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полиция студенттермен бірге 2000-нан астам заңсыз сайтты бұғаттады

berdaly_oraz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2600-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

berdaly_oraz

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Пікір жазу