Жасанды интеллект арқылы Қазақстандағы алғашқы анимациялық фильм Түркістанда дайындалды

«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жаңа анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған.

Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға  — 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ, ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты. Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған.  Олар, Ақпантер – жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

ҚАСИЕТТІ ӨҢІРДІҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр

Альфия Адамбек

Пікір жазу