ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АРМРЕСТЛИНГТЕН 12 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРДӘУЛЕТ АЙДАРХАН РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Шардарадағы саяси науқанға белгілі спортшы, қол күресінен 12 дүркін әлем чемпионы, «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшысы Нұрдәулет Айдархан қатысып, өз таңдауын жасады.

Спортшы Шардара ауданындағы №849 референдум учаскесіне арнайы барып, азаматтық борышын орындап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанда өз дауысын берді. Оның айтуынша, мемлекет дамуы мен қоғамның болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай шараларға әрбір азамат бей-жай қарамауы тиіс. Айдархан Нұрдаулет – халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылардың бірі. Оның референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша 33 референдум учаскесі құрылған. Онда 42 978 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық дауыс беру учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар орнатылған.

Дереккөз:Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы ең ірі жылыжай алғашқы өнімін нарыққа шығарды

berdaly_oraz

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек