ТҮРКІСТАНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫМЕН САЛЫНҒАН №32 МЕКТЕП АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СӘТ- САПАР ТІЛЕДІ

Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте мектеп бітірушілерге арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, жас түлектерге ақ жол тіледі. Ол жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, үлкен өмірде сәттілік пен табыс тіледі.

Мектеп директоры Айгүл Бабашева алғашқы түлектерге жүрекжарды лебізін арнап, биік белестерді бағындыруға шақырды. Шара барысында үздік оқушылар мен ұстаздар марапатталып, ата-аналар алғыс білдірді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Кеш барысында түлектер ұстаздарына ризашылықтарын айтып, әсерлі сәттер орын алды. Қазақы би мен әуезді әндер мерекенің сәнін келтірді. Биыл №32 мектепті алғаш рет 52 түлек тәмамдады. Оның төртеуі «Алтын белгіге», үшеуі үздік аттестатқа үміткер атанған.

Ұқсас жаңалықтар

Сауранда «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі жауапкершілікке тартылды

berdaly_oraz

АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo