ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ АСПАЗДАР РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ДАУЫС БЕРДІ

Шардаралық аспаздар референдумда өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Ауданның бірқатар қоғамдық тамақтану орындарының аспаздары референдум учаскелеріне жұмыс киімдерімен келіп, ерекше бастама көтерді. Бұл бастама қоғамдағы татулық пен бірліктің маңызын көрсетіп, әрбір азаматтың ел дамуына қосар үлесі бар екенін айқындай түсті.

Аспаздардың айтуынша, тағам дайындаудағы басты қағида – үйлесім мен сапа болса, елдің дамуы үшін маңыздысы – бірлік пен ортақ жауапкершілік. Сондықтан олар кәсіби міндеттерін атқара жүріп, азаматтық борыштарын да орындауды маңызды деп санайды. Бұл бастама аудан тұрғындары тарапынан да қолдау тауып, саяси науқанға шығармашылықпен әрі ерекше көзқараспен қатысудың жарқын үлгісі ретінде бағаланды. Мұндай қадамдар қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттырып, жастарды да қоғамдық өмірге белсенді араласуға ынталандырады.

Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша 33 референдум учаскесі құрылған. Онда 42 978 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық дауыс беру учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс маңындағы су құбырларына қасақана зиян келтіру деректері анықталды

berdaly_oraz

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 120 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАҒАН

Redaktor Arysinfo

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТРЛАР БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

berdaly_oraz