ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ШАҒЫМДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Нұрбол Тұрашбеков Азаматтарды қабылдау орталығында кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында өңір тұрғындары өздерін толғандырған түрлі мәселелерді көтеріп, тиісті көмек сұрады.

Кездесуге Сайрам ауданыСауран ауданыШардара ауданы және Түркістан тұрғындары қатысып, өз өтініштері мен шағымдарын ортаға салды. Азаматтар негізінен тұрғын үй, жер мәселесі, инфрақұрылым және әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарын жеткізді.

Қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды. Жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты.

Облыс әкімінің орынбасары азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, олардың шешілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындармен кері байланысты күшейту және өзекті мәселелерді жедел шешу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

Жалпы, мұндай қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың түйткілді мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: ағын суды тиімді пайдалану мәселесі талқыланды

Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады

ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН АЗИЯ КУБОГЫНДА СОЗАҚТЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz