ҮЕҰ МЕН ЕРІКТІ ЖАСТАР МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Мемлекет басшысының 2026 жылғы Халықаралық еріктілер жылының ашылуында берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Игі бастама «Тазару күні» жобасының жалғасы ретінде өткізіліп, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Ауқымды шара «Madenietti Mura» жобасы аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жобаның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени нысандарды қорғау, сақтау және азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Республикалық акция елдің барлық өңірін қамтыды. Соның ішінде Түркістан қаласында да үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді ерікті жастар бұл бастамаға белсене атсалысты. Қатысушылар тарихи орындардың аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мәдени мұраға ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Шара барысында еріктілер тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғам назарын мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына аударды. Бұл өз кезегінде жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, ел тарихына деген құрметін нығайта түсті.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар тарихи мұраны сақтаумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның бірлігін күшейтуге ықпал етеді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы: мектеп оқушылары банан бағын аралап, ерекше орындарға саяхат жасауда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕТІН ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz