Түркістанда Халықаралық бишілер күніне орай «TURAN DANCE» республикалық би байқауы басталды. Оған еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген кәсіби би ұжымдары қатысып, «халық биі» жанры бойынша өнер көрсетті. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, өңірде мәдениетті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Байқаудың мақсаты – кәсіби би өнерін дамыту, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және ұлттық әрі заманауи би түрлерін насихаттау. Қазылар алқасы қатысушылардың сахналық деңгейі мен халық би элементтерін орындау шеберлігіне ерекше мән берді.
Қорытындысында бас жүлде Қызылорда облысының «Томирис» ансамбліне бұйырды. 1- орынды «Би Сұлтан», 2- орынды ҚР Ұлттық Ұлан ансамблі, ал 3- орынды «Alem заманауи» ұжымы иеленді. Байқау ертең заманауи би бағыты бойынша жалғасып, «Керуен сарай» кешенінде өтеді.
