МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТЕК ОҚУ ПРОЦЕСІМЕН ШЕКТЕЛМЕК

Мәжіліс «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын және оған ілеспе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңа заң жобасына сәйкес, педагогтердің оқушылар алдындағы жауапкершілігі тек оқу үдерісімен шектелуі ұсынылып отыр. Ал балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік ата-аналарға көбірек жүктелмек.

Сонымен қатар бір мезгілде қағаз және электронды есеп жүргізуге тыйым салу қарастырылған. Орта білім беру ұйымдарында ұялы телефондарды қолданудың бірыңғай тәртібі енгізілмек.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту шараларын күшейту жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Келестегі Жолбасшы елді мекенінде жаңа футбол алаңы ашылды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КҮРТ ӨСІП ОТЫР

Redaktor Arysinfo