ТҮРКІСТАНДА САММИТ ҚАРСАҢЫНДА УАҚЫТША ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕУЛЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары!

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 10–15 мамыр күндері Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштерінің күштері мен техникалары жұмылдырылады. Іс-шара барысында әскери авиация мен арнайы техникалар да қолданылуы мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына алдын ала жол бағыттарын жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарау сұралады.

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар саммиттің жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Мамандар Шымкентте қашан күн жылынатынын болжады

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНДА ҚОСТАНАЙ ТЕАТРЫ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» СПЕКТАКЛІН САХНАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

Альфия Адамбек