ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Астана қаласында өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген беделді жарыста Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте ұлттық құрама 3-орынға тұрақтады. Бұл – қазақстандық дзюдо үшін маңызды нәтижелердің бірі.

Әлемнің 36 елінен келген 295 спортшы бақ сынаған жарыста шымкенттік дзюдошылар да жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Марат Байкамуров 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Сонымен қатар 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасының медаль қоржынына өз үлесін қосты.

Қазақстан бұл халықаралық турнирді төртінші жыл қатарынан жоғары деңгейде өткізіп келеді. Биылғы бәсекеге Олимпиада және әлем чемпиондары, сондай-ақ Grand Slam және Masters турнирлерінің жүлдегерлері қатысты.

Айта кетейік, 2027 жылы Астана қаласында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатын өткізу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда футболдан жасөспірімдер арасында ел чемпионатының жалауы көтерілді

ҚАЗЫҒҰРТТА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА: 30 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Сырдария өзені аумағына 19 тоннадан астам препарат құйылды

Альфия Адамбек