ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ АТШАБАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ШЕРУІ ӨТТІ

дереккөз фото Түркестан облысы әкімдігі

Түлкібас ауданындағы атшабарда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіске тағзым” атты ұлттық спорт ойындарынан ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шара ұлттық ат спорты ойындарының әсерлі шеруімен басталды. Шерудің шымылдығын КСРО-ның 9 дүркін чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері Әбілхан Дауылбаев ашып, көпшілікке ақ батасын берді.

Мерекелік дода қыз қуу ойынымен бастау алып, кейін тоқ бәйге, тай жарыс, теңге ілу, аударыспақ, аламан бәйге, жастар көкпары, үлкен көкпар және жаппай көкпар секілді ұлттық ат спорты түрлері бойынша жалғасты. Шабандоздар өзара мықтыны анықтап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар қазақ күресі, арқан тартыс және қошқар көтеру ойындары өткізіліп, ұлттық дәстүр мен рухты дәріптеген мерекенің мәнін арттыра түсті.

Аудан әкімі Асқар Естібаев сайыстарды арнайы тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетті. Мерекелік кеште аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы марапатталып, құрметке ие болды.

– Ұлы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің айқын көрінісі. Осындай ұлттық спорт ойындары жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ата дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосады, – деді аудан әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда әкесі мен ұлы заңсыз «көкнәр» есірткісін өсіргені анықталды

Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

Redaktor Arysinfo

ШЫМКЕНТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz