Алматы облысында әйелін көлікпен қағып кеткен полиция басшысының орынбасары ұсталды

дереккөз фото Jas Alash

Алматы облысында 37 жастағы ер адам әйелін көлікпен қағып кетіп, қайғылы оқиғаға себеп болды. Әйел алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Полиция мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал Kozachkov offside Telegram арнасы оның Балқаш аудандық полиция бөлімінің басшы орынбасары екенін жазды.

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ істің тергелуі департамент басшылығының ерекше бақылауына алынғаны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МВт ҚУАТЫ БАР ІРІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ҚЫЗМЕТКЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Redaktor Arysinfo

Шымкентте екі айда елуден аса тұрғын туберкулез жұқтырған

Альфия Адамбек