Түркістандағы “Жеңіс” саябағында сенбілік өтті

“Ерлікке тағзым” қайырымдылық акциясы аясында Түркістандағы “Жеңіс” саябағында сенбілік өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ерлікке тағзым” атты республикалық қайырымдылық акциясы Түркістан қаласында жалғасын тапты. Іс-шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен, қаладағы С.Ерубаев көшесінде орналасқан “Жеңіс”саябағында ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты — жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадты жаңғырту және ардагерлерге құрмет көрсету арқылы отансүйгіштік қасиеттерді нығайту.

Іс-шара барысында жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен сала мамандары, жалпы саны 100-ге жуық азамат бірігіп, саябақ аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Арнайы техника жұмылдырылып, мемориал маңайы тазартылып, жолақтар сыпырылып, қоқыс сыртқа шығарылды.

Нәтижесінде “Жеңіс” саябағы абаттандырылып, көркейе түсті. Бұл игі бастама – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерен ерлігіне деген терең құрметтің айғағы.

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ—ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ: ЖАҢА ҚАҒИДАЛАР ӘЗІРЛЕНДІ

Альфия Адамбек

Қазақстандық әйел бір күнде алты баланың анасы атанды

Redaktor Arysinfo

2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Redaktor Arysinfo