Қазақстандық әйел бір күнде алты баланың анасы атанды

Түркістан облысында әйел бір күнде алты баланың анасы атанды. Облыстағы №2 перинаталдық орталықта үшем қыз дүниеге келіп, көпбалалы отбасының қатары толықты.

Дәрігерлердің мәліметінше, нәрестелер шала туған. Үшемнің ата-анасы – Сайрам ауданы Қарамұрт ауылының тұрғындары. Анасы логопед болып жұмыс істесе, әкесі технология пәнінің мұғалімі. Сәбилерге Сафия, Садия және Самия есімдері берілген. Бұған дейін отбасында екі қыз бен бір ұл тәрбиеленіп келген.

Қазіргі таңда ана мен сәбилердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Мамандар мұндай жағдайдың өңірде биыл алғаш рет тіркелгенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш отырғызылды

berdaly_oraz

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

“72 жасқа толады”: биыл Президент туған күнін тойламайды