Қылмыстық рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін?

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралып жатыр. ІІМ түсіндіруінше, рақымшылық ең алдымен ауырлығы төмен құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты қолданылмақ. ІІМ мәліметіне сәйкес, рақымшылық: қылмыстық теріс қылық жасағандарға; ауырлығы онша емес қылмыс жасағандарға; кейбір орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша сотталғандарға; келтірілген залалды толық өтеген немесе зиян келтірмеген азаматтарға қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ рақымшылық шаралары 15 мыңнан астам адамға қатысты болуы ықтимал. Оның ішінде түзеу мекемелерінде отырған шамамен 1,5 мың сотталған бар екені айтылды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық енгізу ұсынылып отыр. Ол:

азаматтарға; жеке кәсіпкерлерге; нотариустарға; адвокаттарға; жеке сот орындаушыларына қатысты қолданылуы мүмкін.

Заң жобасына сәйкес, 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша төленбеген айыппұлдарды кешіру көзделген. Рақымшылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтып, 15 мемлекеттік органның құзыретіндегі істерге таралады.

Алдын ала мәлімет бойынша: ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар; қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіргендер; ерекше ауыр санаттағы құқық бұзушылық жасағандар рақымшылықтан тыс қалуы мүмкін. Нақты тізім заң жобасы толық қабылданғаннан кейін белгілі болады.

Бұл бастама жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты көтеріліп, құқықтық жүйені ізгілендіру және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайту мақсатын көздейді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Redaktor Arysinfo

АРЫСТЫҚ КЕЛІН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА «БАС ЖҮЛДЕНІ» ЖЕҢІП АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo