Түркістан гүл экспортының орталығына айнала ма?

Түркістан облысы гүл шаруашылығын дамытуда жаңа кезеңге қадам басты. Қытайдың гүл индустриясындағы жетекші ұйымдарымен әріптестікті күшейткен өңір халықаралық нарыққа шығуды көздейді.

Сала өкілдерінің айтуынша, Түркістан бүгінде гүл өсіру бойынша еліміздегі алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі. Өңірде өсірілетін гүлдердің сапасы мен сұрыптық ерекшеліктері жоғары бағаланып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін өндіріс, логистика және экспорт мәселелерін бір орталықтан үйлестіретін арнайы хаб құру ұсынылды.

Кәсіпкер Тұрсын Тасқожаев бұл бастаманың шаруаларға үлкен қолдау болатынын атап өтті. Оның пікірінше, өндірушілер өсіру ісіне басымдық беріп, өнімді өткізу мен экспорттауды орталықтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырса, саланың тиімділігі артады.

Сапар аясында Түркістан облысының делегациясы мен Сарыағаш ауданындағы «AGRO TUR» шаруа қожалығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мамандардың бағалауынша, гүл өндірісі мен логистикасына бағытталған бірлескен жобалар Түркістанды Орталық Азиядағы ірі гүл саудасы және экспорт орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция көлемін ұлғайтып, өңір экономикасының дамуына серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ: АРЫСТЫҢ ТЕМІРЖОЛ ТЫНЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ДЕПО

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады