Ақжарда ауыз су мәселесі шешімін табуда

Ауылдың дамуы – халықтың әл-ауқатының айнасы. Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылында қолға алынған ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары осының нақты дәлелі.

Қазіргі таңда елді мекенде жаңа су құбырлары тартылып, су құдықшалары орнатылуда. Жалпы ұзындығы 30 шақырымға жуық желі төселіп, 150 су құдықшасы қойылған. Жоба аяқталғаннан кейін 7 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, көптен бері қордаланған мәселенің түйіні тарқамақ.

Сонымен қатар Ақжар мен Дихан баба ауылдарында жаңа медициналық нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Таза су мен сапалы медицина – халықтың өмір сапасын айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Сондықтан Ақжардағы бұл жұмыстар ауылдың бүгінгі тынысына ғана емес, болашағына жасалған маңызды инвестиция деуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстық ұстаз “Алтын тұғыр” олимпиадасында жүлдегер атанды

berdaly_oraz

«Несиемен күн көрген халықтың ертеңі қандай?»

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Redaktor Arysinfo