Бір тәулікте 5 орман өрті: өрт қаупі күшейіп тұр, жағдай бақылауда

дереккөз фото:Aikyn.kz. 

Елімізде соңғы 24 сағат ішінде 5 орман өрті тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ошақтары бастапқы кезеңде дер кезінде анықталып, жедел түрде оқшауланған.

Мамандардың айтуынша, шұғыл әрекет етудің арқасында тілсіз жау кең аумаққа таралмай, ірі зардаптардың алдын алынды. Қазіргі таңда барлық өрт ошақтарында ашық от толық сөндіріліп, жағдай тұрақтандырылған.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілдері орман-дала алқаптарында өрт қаупі әлі де жоғары екенін ескертіп отыр. Құрғақ ауа райы мен желдің күшеюі оттың тез таралуына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан құзырлы органдар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, орманды жерлерде от жағудан және қоқыс өртеуден бас тартуға шақырады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Redaktor Arysinfo

Алакөлдегі демалыс әйелді екі аяғынан айырды

Redaktor Arysinfo

Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды

Redaktor Arysinfo