Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мақсатында халықтар достығы мен тату көршілігінің жеті қағидаты туралы Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Құжатта екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық байланыстарды сақтау, өзара сенім мен құрметті нығайту, егемендік пен аумақтық тұтастықты қадірлеу, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қамтылған.

Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистика, білім және ғылым салаларындағы байланысты тереңдетуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей халықтарының тарихи және рухани жақындығы стратегиялық серіктестіктің басты негізі екені атап өтілді.

Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында да өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласындағы Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында “Діни радикализмнің алдын алу жолдары” тақырыбында маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысында даяшы қыз әріптесін алдап кетті

berdaly_oraz

Асхат Аймағамбетов «Назарбаев университетіндегі» отандық мамандардың аздығына алаңдаушылық білдірді

berdaly_oraz