«Жасыл ел» сарбаздары Астананы тазартуға атсалысты

Астанада өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «Жасыл ел» еңбек жасағының 80-нен астам сарбазы белсенді қатысты. Олар қала аумағын қоқыстан тазартып, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрғындарды тазалықты сақтауға үндеу. Іс-шара барысында қатысушылар қаланың көркін келтіруге бағытталған бірқатар жұмыстарды атқарды.

«Таза Қазақстан» бастамасы туған қаланың тазалығы әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеп, жастардың қоршаған ортаға жанашыр көзқарасын нығайтты.

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне алғыс айтты

berdaly_oraz

Ресей мен АҚШ Украинадағы 30 күндік уақытша бітімге қатысты келіссөздер өткізді

berdaly_oraz

Астанада салынатын LRT вагондары Қытайда жасалып жатыр

berdaly_oraz