Месси мен Салах текетіресі: Әлем чемпионатының шешуші ойындары өтеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі қыза түсті. Бүгін, 7 шілдеде, 1/8 финалдың соңғы екі кездесуі өтіп, ширек финалға жолдама алатын соңғы құрамалар анықталады.

Күннің басты ойынында қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы Мысырмен кездеседі. Жанкүйерлер бұл матчта әлем футболының жұлдыздары Лионель Месси мен Мохамед Салахтың текетіресін ерекше күтуде. Ал екінші кездесуде Швейцария мен Колумбия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Бүгінгі ойындардан кейін әлем чемпионатының ширек финалына шыққан барлық сегіз команда белгілі болады. Ал ширек финалдық кездесулер 9–11 шілде аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында ел чемпионаты басталды

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Redaktor Arysinfo

Нұрдәулет Сейілбеков әлемдік додада қола жүлдеге қол жеткізді

Redaktor Arysinfo