Бірнеше сағаттық нөсер Алматыны әбігерге салды: көшелерді су басты

Алматыда 4 шілде күні жауған күшті нөсер қала қозғалысына айтарлықтай әсер етті. Қысқа уақыт ішінде мегаполистің бірқатар көшелері мен тротуарларын су басып, тұрғындар әлеуметтік желілерде табиғат құбылысының салдарын жаппай жариялады.

Алматыда бірнеше сағатқа созылған нөсер жаңбыр салдарынан бірқатар көшені су басып, көлік қозғалысы қиындады. Кейбір учаскелерде жаяу жүргіншілердің қозғалысына да қолайсыздық туындады.

Қалалық қызметтер су басқан аумақтарда суды сорып, салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуға және қажет болмаса жолға шықпауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді – ЕХӘҚМ мәліметі

berdaly_oraz

Александр Лукашенко жетінші мәрте Беларусь президенті болып қайта сайланды

berdaly_oraz