Ізбасар Мүтәліұлы: «Тазалық — мәдениеттің айнасы»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

Түркістан облысы Ақсақалдар алқасы баршаңызды туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуға шақырады.

Назарларыңызға саламыз, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі – заңнамаға сәйкес ақылы қызмет болып табылады. Сондықтан бұл қызмет үшін төлемді әрбір тұрғынның уақытылы төлеуі маңызды.

Төлемдердің уақытылы жүргізілмеуі қызмет көрсетуші мердігер мекемелердің жұмысына кері әсерін тигізіп, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге, арнайы техникаларды күтіп ұстауға және қаланың санитарлық тазалығын тұрақты қамтамасыз етуге қиындық туғызады.

Тазалық – мәдениеттің айнасы, ал таза қала – әрбір тұрғынның жауапкершілігі. Қаламыздың тазалығы мен көркін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Осыған байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметінің ақысын уақытылы төлеп, қоршаған ортаны таза ұстауға және қаламыздың көркеюіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Таза Арыс– өзімізден басталады!
Таза қала – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік! 

Құрметпен,
Ізбасар Мүтәліұлы

Түркістан облысының Құрметті ақсақалы

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан мен Еуропа Одағының қарым-қатынастары талқыланды

berdaly_oraz

Түркістандық Бекзат «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДА 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

berdaly_oraz