Түркістан мен Үндістан: инвестиция, туризм және медицинадағы жаңа мүмкіндіктер

Түркістан облысы Үндістанмен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесіп, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, медицина және фармацевтика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, Түркістанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғаны айтылды. Сондай-ақ үндістандық компаниялар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырылды.

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен инвестициялық әлеуетіне жеке тоқтала келе, Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

– Түркістан облысы – инвестиция үшін мүмкіндігі мол өңір. Біз индустрия, ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарында өзара тиімді әріптестік орнатуға дайынбыз. Түркістан халықаралық әуежайының мүмкіндігі жоғары, шетелдік туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасы Үндістаннан келетін туристер үшін де ерекше қызығушылық тудырады, – деді Нұралхан Көшеров.

Елші Сайлас Тангал Түркістанның туристік әлеуетіне жоғары баға беріп, Үндістаннан келетін туристер үшін өңірдің тартымды бағытқа айналу мүмкіндігі мол екенін атап өтті. Сонымен бірге уран өнеркәсібі, мақта кластері, медицина, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және баламалы энергия көздері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі аурухана салу және агроөнеркәсіп саласында бірлескен жобаларды іске асыру бастамасы көтерілді.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық және іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға келісті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӨНДІРЕТІН 4 ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

berdaly_oraz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚТАР

Redaktor Arysinfo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

Redaktor Arysinfo