«Түркістан әуендері»: ашық аспан астындағы концерт тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады

Түркістан қаласындағы жасанды көл жағалауында өткен «Түркістан әуендері» мерекелік концерті қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, ерекше мәдени кешке айналды.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған концертте жергілікті өнерпаздар халық және эстрадалық әндерді орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көпшілік сүйікті әндерін бірге шырқап, өнер иелерін ыстық ықыласпен қолдады.

Мұндай мәдени шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, ұлттық өнерді дәріптеуге, өңірдің мәдени өмірін жандандыруға және туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Түркістанда жазғы маусым аясында ұйымдастырылып жатқан ашық аспан астындағы концерттер алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани демалыс сыйлай бермек.

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Redaktor Arysinfo

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері нақты жазылады

berdaly_oraz

Жүргізуші куәлігін алу қиындай ма? Автомектептерге бақылау күшейеді

Redaktor Arysinfo