2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Ең бастысы – міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады. Өзгеріс кепілдіктің өзіне емес, оны іске асыру тетігіне қатысты болады.
Негізгі жаңалықтар: Мемлекет міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік беруді жалғастырады. Азаматтар зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға сенімгерлік басқаруға бере алады. Егер жеке басқарушы компания заңда белгіленген ең төменгі табыстылық деңгейіне жете алмаса, айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.
Ұлттық банк негізгі басқарушы ретінде қалып, зейнетақы активтерінің сақталуы мен ұзақ мерзімді табыстылығын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.
Бұл өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге, азаматтардың өз жинақтарын басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге және инвестициялық басқарудың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
