Қазақстан мен Қытай Таразда су саласы мамандарын даярлайтын бірлескен оқу орталығын ашты

Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Тараз қаласында су саласы мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлауға арналған бірлескен оқу орталығын іске қосты. Орталық Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында ашылды.

Жаңа оқу орталығында қазақстандық мамандар Қытайдың гидротехникалық құрылыстар салу, су ресурстарын басқару, цифрландыру және интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу тәжірибесі негізінде оқытылады. Сонымен қатар су шаруашылығы кәсіпорындарының сұранысына сай қайта даярлау курстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.

Жоба аясында Қазақстан мен Қытайдың білім және ғылым ұйымдары арасындағы әріптестікті дамыту, оқытушылар мен сарапшылар алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және инновациялық технологияларды енгізу көзделген. Сондай-ақ екі елдің қатысуымен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті базасында бірлескен колледж ашу мәселесі пысықталуда.

Бұл бастама еліміздің су шаруашылығы саласына жоғары білікті мамандар даярлауға, халықаралық тәжірибені енгізуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді

ЛИФТТЕГІ ҚОРҚЫНЫШ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒАЗДА ҒАНА МА?