Дермене ауылдық округіне қарасты Қаражантақ елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бүгінде аяқталу кезеңіне жетті.
Аталған жолды жөндеу мәселесі қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тұрғындармен өткізген кездесулерінде бірнеше мәрте көтерілген болатын.
Елді мекен тұрғындарының өтініші ескеріліп, тиісті қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, ұзындығы 6,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған еді.
Қазіргі таңда жолдың негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталуға жақын. Жаңартылған жол Қаражантақ тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, соңғы жылдары Қаражантақ елді мекенінде тұрғындардың сұранысына сәйкес бірқатар инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Атап айтқанда, Ақжусан көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылып, №1 көшеге қиыршық тас төселді. Сонымен қатар балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, ауылдардың инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
