Тұрғындардың өтініші орындалды: Қаражантақта балаларға жаңа ойын алаңшасы ашылды

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінің Қаражантақ елді мекенінде көптен күткен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл – қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тұрғындармен кездесулерінде көтерілген ұсыныстардың нақты нәтижеге айналғанының көрінісі.

Бұған дейін ауыл тұрғындары балалардың қауіпсіз ойнап, бос уақытын тиімді өткізетін арнайы орынның жоқ екенін айтып, ойын алаңшасын салу мәселесін көтерген болатын. Халықтың бұл өтініші ескеріліп, қажетті жұмыстар жүргізіліп, заманауи талаптарға сай жаңа алаңша ел игілігіне берілді.

Бүгінде жаңа ойын алаңшасы ауыл бүлдіршіндерінің сүйікті орнына айналды. Заманауи ойын құрылғыларымен жабдықталған демалыс аумағында балалар еркін ойнап, уақыттарын қызықты өткізуде. Кешкі уақытта бұл жер ата-аналар мен тұрғындардың бас қосатын жайлы қоғамдық кеңістігіне айналып отыр.

Ауыл ақсақалы Қалдыбай Еділбековтің айтуынша, соңғы жылдары Қаражантақ ауылында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Оның сөзінше, мектепке баратын көшелерге жарық шамдары орнатылып, қазіргі таңда ауылға кіреберіс жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың ұсыныстары негізінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалар кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Tүркістан облысында тұрғындарды қабылдауда әртүрлі мәселелер қаралды

berdaly_oraz

«Әлеуметтік әмиян» жүйесі – «QazaqGaz Aimaq» АҚ әзірлеген мобильді қосымша

Redaktor Arysinfo

Түркістан қаласының айналма жолының құрылысы биыл басталады