1 тамыздан бастап гидтерге жаңа талап: Ережені бұзғандар қызмет көрсете алмайды

2026 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда гидтер, экскурсия жүргізушілер және туризм нұсқаушылары үшін жаңа қағидалар күшіне енеді. Жаңа талаптардың басты мақсаты – туристердің қауіпсіздігін күшейтіп, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.

Енді бұл салада жұмыс істегісі келетін мамандар қызметін бастамас бұрын міндетті түрде хабарлама беруге тиіс. Сондай-ақ олардың барлығы мемлекеттік электрондық тізілімге енгізіледі. Бұл жүйе туристерге ресми тіркелген мамандарды таңдауға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды өзгеріс – қызмет тек туристпен жасалған ресми шарт негізінде көрсетіледі. Бұл екі тараптың құқықтары мен міндеттерін нақтылап, даулы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Жаңа қағидаларға сәйкес гидтер мен экскурсия жүргізушілер туристерге маршруттың ерекшеліктері, қауіпсіздік талаптары және ықтимал қауіптер туралы толық ақпарат беруге міндетті. Ал егер бағыт қауіпті аймақ арқылы өтетін болса, туристің жазбаша келісімі міндетті түрде алынуы керек.

Мамандардың пікірінше, бұл өзгерістер туристік қызмет нарығын реттеп қана қоймай, жауапкершілікті күшейтіп, Қазақстандағы туризм саласының халықаралық талаптарға сай дамуына ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері ресми сапармен келді

berdaly_oraz

«Жаңбырдың көп жаууына кім кінәлі? Ресми түсініктеме жарияланды»

Redaktor Arysinfo

«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

Redaktor Arysinfo