ПАРЛАМЕНТКЕ 30 ЖЫЛ: ЕЛ ЗАҢНАМАСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтарға «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.

Мемлекет басшысының атынан марапаттарды Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров табыстады. Марапат иелерінің қатарында әр жылдары Парламентте депутат болған азаматтар, облыстық мәслихат депутаттары және мемлекеттік қызметте еңбек етіп, заңнамалық институттардың дамуына үлес қосқан тұлғалар бар.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі заң үстемдігінің ел тұрақтылығы үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, әділетті заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі кепілі.

Қазақстан Парламентінің 30 жылдық қызметі барысында елдің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған 3,5 мыңға жуық заң қабылданған. Сонымен бірге халықаралық ынтымақтастықты құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында 1 400-ден астам халықаралық шарт ратификацияланды.

Мерейтойлық медаль – елдің заңнамалық жүйесін қалыптастыруға және мемлекеттік институттардың нығаюына еңбек сіңірген азаматтарға көрсетілген лайықты құрмет. Бүгінгі марапат олардың ел дамуына қосқан үлесінің бағасы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласында Парламент Сенатының депутаттары, Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесу өтті  

Түркістан: ҚР ғылым жәнк жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты