Түркістандағы жылыжай өндірісі: 2 мың тонна қызанақ өндірілді

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі нәтижелі жүзеге асып келеді. «Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешенінің бірінші кезеңінде 2 миллион келі, яғни 2 мың тонна қызанақ өндірілді.

Жоба аясында 6,25 гектар аумаққа жоғары өнімді «Климон F1» қызанақ сорты отырғызылған. Кәсіпорында тамшылатып суару және су мен энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи агротехнологиялар қолданылады.

Қазіргі таңда жылыжай кешенінің құрылысы жалғасуда. 2026 жылдың күзінде тағы 37,5 гектар жылыжайды іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін өндірістік аумақ 50 гектарға жетеді.

Кешен толық қуатына шыққанда жылына 27 мың тонна қызанақ өндіру көзделіп отыр. Бұл ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп, маусымаралық кезеңдегі импортқа тәуелділікті азайтуға және экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның бірінші кезеңіне 42 млрд теңге инвестиция салынған. Қазірдің өзінде 130 тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешен толық іске қосылғанда жұмыс орындарының саны 1 мыңнан асады деп күтілуде.

«Ecoculture-Eurasia» жобасы Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғыртып қана қоймай, өңір экономикасына инвестиция тарту мен тұрақты жұмыспен қамтуды арттыруға да серпін беріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өскемен маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты: бір адам оқиға орнында көз жұмды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Көшеров Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарды дамытуды күшейтуді тапсырды