ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионатында топ жарған жерлестерімізді қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан басшысы халықаралық аренада ел абыройын асқақтатқан спортшылардың жетістігін ерекше атап өтіп:
“Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған барша спортшыларға алғыс айтамын. Сіздердің бұл жеңістеріңіз — тек ауданның ғана емес, бүкіл елдің жетістігі. Әлемді бағындыратын чемпиондарымыз көбейіп, көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!” – деді Арман Қарсыбаев.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі «Шардара Армспорт» құрамасының спортшыларына алғыс хаттар, Шардара ауданының 60 жылдығына арналған мерекелік медальдар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, еңбегімен еленген ардагер спортшыларға «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапаттар берілді.

Мелдеби шағын ауданының беделді ақсақалы, осы чемпионатта үш бірдей немересі жеңімпаз атанған Ибрагим Бектұрсынов жас спортшыларға батасын беріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Ордабасы тұрғындарымен кездесті: өзекті мәселелер мен даму жоспары сөз болды

berdaly_oraz

Тең мүмкіндік – толыққанды өмірге бастар жол

Redaktor Arysinfo

Полиция күдіктілерден 12 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасын тәркіледі

Альфия Адамбек