Арыста тұрғындар қала тазалығына атсалысты

Арыс қаласының орталығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Игі іске мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары және қала тұрғындары қатысты.

Тазалық жұмыстары кезінде көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, жол бойындағы арамшөптер шабылды. Жиналған қоқыс қаптарға салынып, арнайы орындарға шығарылды. Осылайша, шаһардың бірқатар аумағы абаттандырылып, көркейе түсті.

Сенбілікке көпқабатты үйлердің тұрғындары да белсенділік танытты. Әбдіразақов көшесіндегі №49 үйдің тұрғындары өз аулаларын тазалап, балалар ойын алаңын ретке келтірді.

Қала әкімдігі тұрғындар мен ұйымдарға тазалық жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ әр азаматты өз ауласы мен оған іргелес аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жалпықалалық сенбілік арқылы тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және қаланы таза ұстау мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында ірі қойма жұмыс жасайды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДА

Redaktor Arysinfo

Боксшы, марқұм Бекзат Саттарханов жаттыққан алғашқы ринг КІМГЕ? НЕГЕ? сатылды?

Redaktor Arysinfo