Арыста тазалыққа талап күшейді: тұрғындар бастаманы қолдайды

ТАЗАЛЫҚ ТАЛАБЫ – ТӘРТІПТІҢ БАСТАУЫ

Арыстың ажары – оның тазалығы. Соңғы уақытта қалада тазалық мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тазалыққа қатысты талабын күшейтіп, ортақ тәртіпті бұзғандарға жауапкершілік қарастыруы тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр. Себебі тазалықты сақтау тек сенбілік өткізумен немесе коммуналдық қызметкерлердің еңбегімен шектелмейді. Әр азамат өзінен бастамаса, қала қанша рет тазаланса да, мәселе қайта туындай береді.

Тұрғындардың пікірінше, талап күшейіп, жауапкершілік артқан сайын қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

«Айыппұл көбейді демек, қала тазарады» деген түсінік осы мәселенің өзектілігін көрсетеді. Әрине, мақсат – тұрғындарға айыппұл салу емес. Негізгі мақсат – ешкімнің қоқысты кез келген жерге тастамайтын, тазалықты сақтауды ішкі мәдениетіне айналдыратын орта қалыптастыру.

Қала тазалығына жауапкершілікпен қарау – өз үйіңді таза ұстаумен бірдей. Өйткені көше де, аула да, саябақ та – бәрімізге ортақ кеңістік.

Осы ретте тазалықты басты назарға алып, қала көркін жақсартуға бағытталған жұмыстарды қолға алып отырған қала әкіміне тұрғындар өз ризашылығын білдіреді.

Таза қала – әкімнің ғана емес, халықтың да еңбегі.

Сондықтан Арыс тұрғындары да ортақ іске атсалысып, қаланың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуға ниетті.

Қала таза болсын десек – тазалықты талап етумен қатар, оны өзімізден бастайық.

Арысымызды бірге көркейтейік, бірге таза ұстайық!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жылыту маусымы тұрақты әрі апатсыз аяқталды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

berdaly_oraz

АҚ АЛТЫН АЛҚАПТАРЫНДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК БАСТАЛДЫ