ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕСІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Түркістан қаласында жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.

Нақтырақ айтсақ, кезекшілікке түскен операторлар Т.Нышанов көшесі бойында Toyota Camry автокөлігінің қарсы бағытқа шыққанын камера арқылы тіркеді. Құқық бұзушылықты дер кезінде байқаған жедел басқару орталығының қызметкерлері ақпаратты патрульдік полиция экипажына жеткізді.

Нәтижесінде 36 жастағы көлік жүргізушісі тоқтатылып, анықталды. Тексеру барысында оның жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекетке барғаны белгілі болды. Заң талаптарына сәйкес жүргізушіге шара көріліп, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Бұл жағдай қала аумағындағы бейнебақылау жүйелерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуды дер кезінде анықтап, құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шағыр мен Бақырша ауылдарында ауыз су мәселесі шешімін тапты

berdaly_oraz

САУРАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Орман шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды