ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 23 қазанда басталады. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қаулысына сәйкес, жылу алдымен әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен беріледі.

Қазіргі таңда қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 13 607 тұтынушы қосылған. Оның ішінде 230 көпқабатты тұрғын үй, 30 бюджеттік ұйым және 164 өзге де тұтынушы бар.

Жылыту маусымының тұрақты әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелерге жылу жүйелерінің жұмысын бақылау және тұрғындарды сапалы жылумен қамту тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Дендросаябақта алкогольдік ішімдік ішкен 15 жасар қыздың анасы жазаланды

«Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті

Мақтааралда ҰҚК бөлімшесінің жаңа басшысы таныстырылды

berdaly_oraz