Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері мен баспасөз хатшылары қатысты.
Семинарда Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мен қоғаммен тиімді байланыс орнатудың маңызын атап өтті.
Медиасарапшы, журналист Алмат Садуақас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі, ақпаратқа қол жеткізудің құқықтық негіздері, журналистердің сауалдарына жауап беру және ақпараттық дағдарыс жағдайында әрекет ету тәртібі жөнінде баяндама жасады.
Ал кәсіби мобилограф Гүлшат Қырқынбай баспасөз хатшыларына сапалы фото және бейнеконтент әзірлеудің заманауи тәсілдерін таныстырды.
Жиын соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланысты нығайту, ақпарат тарату сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
