Жетісайда міндетін дұрыс атқармаған басшыларға шара көрілетіні ескертілді

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аудан дамуына қатысты бірнеше өзекті мәселе қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде коммуналдық мүлікті тиімді басқару, ішкі ағын су жүйелерінің жағдайы, «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектеп құрылысы және мәдениет саласының дамуы сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ағын суды үнемдеу технологияларын енгізу, көктемгі дала жұмыстары және «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы да есептер тыңдалды.

Аудан әкімі аппарат мәжілісінде берілген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң бақылауға алатынын айтып, функционалдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған басшыларға заң аясында шара қолданылатынын ескертті. Бұл тапсырмалардың орындалуын аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов қадағалайтын болады.

Мәжіліс барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, нақты шаралар белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстан блогерлерді салықтық жеңілдіктермен қолдайды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: 35 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ

Redaktor Arysinfo

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Redaktor Arysinfo