Блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамалды

Шартты түрде абақтыдан босатылған блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамауға алынды, — деп хабарлайды Arysinfo.Kz.

Түркістан қаласының ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған Мұрат Әбділдәға қатысты ұсыным қаралды.

Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.

«Мұрат Әбділдәні мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды», — деп мәлімдеді полиция. 

Ұқсас жаңалықтар

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған — Айдос Үкібай

berdaly_oraz

Қытайдық ғалымдар TikTok-тағы виделдар адам миына зиян екенін айтып дабыл қақты

berdaly_oraz

Нұрали Әлиев «Транстелеком» басшылығынан кетті

berdaly_oraz

Пікір жазу