Арыс қаласының тумасы Ордабек Анеля — Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2025 жылдың 17-30 сәуірі аралығында Иорданияның Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия біріншілігінде Арыс қаласының тумасы Ордабек Анеля ел намысын абыроймен қорғап, күміс медаль иеленді.

35 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Анеля Дәулетбекқызы Орта Азия бойынша екінші орынға ие болып, халықаралық аренадан зор жетістікпен оралды. Бұл жеңіс — жас спортшының қажырлы еңбегі мен табандылығының айғағы.

Анеля — белгілі жаттықтырушы Олжас Бақытжанұлының шәкірті. Ол алғаш рет рингке осы маманның жетекшілігімен шығып, аз уақытта үлкен нәтижеге қол жеткізді.

Жеңіспен оралған Анеляны туған жерінде зор қошеметпен қарсы алды. Ата-анасы, бапкері, қала тұрғындары мен спорт жанашырлары жас чемпионға ерекше ықылас танытып, құрмет көрсетті.

Бұл табыс — тек Анеляның емес, Арыс қаласының спорт саласындағы үлкен жетістігі саналады.

Ордабек Анеляға болашақта да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда міндетін дұрыс атқармаған басшыларға шара көрілетіні ескертілді

berdaly_oraz

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

berdaly_oraz

Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылады

berdaly_oraz

Пікір жазу